«ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ-2023» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ » №136 мектеп-лицей
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №136 имени Темирбека Жургенова»
отдела образования по городу Кызылорда
управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7242) 22-28-78
Бухгалтерия
+7(7242) 22-28-78
Версия для
слабовидящих
» «ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ-2023» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
30
май
2023

«ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ-2023» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

«ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ-2023» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
?️Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің  2023 жылдың 29  майында  дәстүрлі түрде өтетін 2022-2023 оқу жылында түрлі білім додаларында  өздерін биіктен көрсете білген, түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жоба,байқауларда өн бойы,оза шауып жүрген  мектеп үздіктеріне арналған «Жұлдыздар шеруі» өтті. Салтанатты шараны мектеп-лицей директоры Камитбекова Жанат Убайдуллақызы ашып, ұстаздарға, оқушыларға жылы лебіз, ыстық ықыласын білдірді.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу үздіктері  мен мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан «Мектеп парламентінің» мүшелерін марапатталды.
?️Жиын соңында мектеп өнерпаздары әсем әнмен сахна көркін әрлей түсті. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз. 
Мектеп абыройын асқақтатып, намысын қорғаған барлық шәкірттеріміз бен ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! Мектебіміздің  абыройын асқақтатып, жеңіс туын желбірететін білімді шәкірттеріміз көбейе берсін!