2023 жылғы 1 январьдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша » №136 мектеп-лицей
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №136 имени Темирбека Жургенова»
отдела образования по городу Кызылорда
управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7242) 22-28-78
Бухгалтерия
+7(7242) 22-28-78
Версия для
слабовидящих
» » 2023 жылғы 1 январьдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша
28
сентябрь
2022

2023 жылғы 1 январьдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша

2023 жылғы 1 январьдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждер мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25%-ға өседі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы 2020 жылғы январьдан бастап жыл сайын 25%-ға артып, 2022 жылғы январьда тағы 25%-ға өскен болатын. Осылайша мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында мұғалімдер жалақысының жыл сайын көтерілуі оң нәтиже беріп отыр. Мұғалім мамандығына мектепті үздік бітірген түлектер келе бастады. Талапкерлердің ЕНТ-дағы орташа балы айтарлықтай өсіп, педагогикалық мамандықтарға түсетін «Алтын белгі» иегерлерінің саны бірнеше есе көбейді. 2023 жылғы январьдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өседі. Сонымен қатар мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Бұл – біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейін), магистр дәрежесі үшін, сабақтарды ағылшын тілінде жүргізгені, дәптерлерді тексергені, сынып жетекшілігі және тәлімгерлігі үшін қосымша төлемдер», – деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Қаржы және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.
Преподавателидің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептелетінін айта кетейік. Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан кейін қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін ай сайын қосымша ақы төленетінін де естеріңізге саламыз.