Кәсіби бағдар беру
2024 жылдың 18 қантарында мектеп-лицейді биылғы оқу жылында бітіруші түлектерге Алматы қаласындағы «АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ» мен осы академия жанындағы «АВИАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ» таныстырылды. Колледж мамандары Маханова Сауле Кожамхановна, Сеприккажина Ақбота Сериккажиевна және академия студенті Мұратқызы Бибі-Фатима оқушыларға аталған оқу орындары туралы толық мағлұмат берді.
Авиация колледжі «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ ректорының 2000 жылғы 02 июньдағы №151 бұйрығы негізінде құрылған, Қазақстан Республикасындағы орта буынды авиация мамандарын даярлайтын жалғыз оқу орны болып табылады. Авиация колледжінде формалы киім кию қарастырылған. Оқыту жалпы орта білім (11 сынып) және негізгі орта білім (9 сынып) негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүргізілетіндігі айтылды
Колледж және академия мамандықтары мен білім беру бағдарламары, түлектердің кәсіби қызмет салалары туралы сөз етті.

