19
май
2023
Школьникам кәсіби бағдар беру
2023 жылдың 19 майы күні мектеп-лицейіміздің 11 сынып оқушыларымен Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының оқытушысы Култанов Дастан Теміржанұлы кездесу өткізді. Кездесу барысында институт жайлы толыққанды мәліметтер берілді. Еңбек нарығына қажетті мамандықтар, жастардың мамандықты саналы таңдауы үшін жан-жақты жасалып отырған жағдайға тоқтала келе, өз иституттарын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішіне тоқталды. Арнайы бейнежазба көрсетіліп, институт мамандықтары, мамандыққа сәйкес бейіндік пәндері көрсетілген ақпараттық хаттар таратылды.