09
июнь
2023
Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күні
Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде «7 июнь - Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күніне» орай мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінде іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: дұрыс тамақтану туралы білімдерді жүйелеу, тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау және дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылармен дұрыс тамақтану туралы баяндама жасалып, оқушылардың білімдері жүйеленді. Сонымен қатар оқушыларды пайдалы және зиянды тағамдарды анықтауға қызықты интеллектуалды ойындар ойнатылып, тамақтану гигиенасы жайлы толық ақпараттар берілді.
«Дәмді тамақ күні» акциясы барысында мектеп асхана қызметкерлері пайдалы ас әзірледі. Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысын - денсаулық деп білген. «Главная байлық-денсаулық» дегендей денсаулығымызды сақтап, бағалай білейік!





