27
ноябрь
2023
“Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау”
“Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау”
2023 жылдың 27 ноябрь күні Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 5 «Д» сыныбында сынып жетекшілері апталығы аясында «Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
- «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту;
- Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту.
Сабақ барысында “Жүрек” әдісі арқылы оқушылар бірі-біріне ізге тілектерін білдірді. Мамандықтарға қатысты шығармашылық қойылым қойылды.
«Ойланайық, пікірлесейік» айдарында маман, мамандық туралы өз ойларын ортаға салды.
Сергіту сәтінде “Нейро жаттығу”
жасатылды. Сұхбаттасу айдарында тәрбие сағатына келген қонақтардан мамандықтарына қатысты сұхбат алынды.



