«Үздік жас маман-2023» » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік жас маман-2023»
24
наурыз
2023

«Үздік жас маман-2023»

 № 136 мектеп-лицейінде «Үздік жас маман-2023»  сайысы  өтті.
Байқаудың мақсаты:  Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін шыңдау, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін нығайту және тәжірибесін арттыру.
     Мектеп басшысы Ж.Камитбекова мектебіміздің барша  жас мамандарына  шығармашылық табыс тілеп аталмыш шаралар пән мұғалімдерінің  өзара тәжіриебе алмасу мен кәсіби біліктілігін дамытуға ерекше үлес қосатындығын атап өтті. 
      Жас мамандардың аталған байқауға жақсы дайындықпен, үлкен ізденіспен   келгендігі байқалды.   Сайыс қорытындысы бойынша  пән бірлестігінен қатысып  оза шауып  өз шеберлігімен көзге түсіп   БАС ЖҮЛДЕНІ  БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘН МҰҒАЛІМІ    РАУШАН   ҚАЛИЕВА  иеленді.
         І орынды   ағылшын тілі пән мұғалімі Ұлдана  Сағымбай,  ІІ орынды  бастауыш сынып пән мұғалімі  Ақерке Тәжиева,  ІІІ орынды    ағылшын тілі пән мұғалімі  Нұрай  Ысқақова  иеленсе,  «Креативті  мұғалім»     орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі  Шолпан Исабаева,  «Ізденімпаз мұғалім»  бастауыш сынып мұғалімі  Ақылбаева  Гүлмайра,    «Цифрлы   мұғалім»  информатика пән мұғалімі   Марта  Иманкулова,   «Өнерлі   мұғалім»   бастауыш сынып  мұғалімі           Айдана  Бакманова,   «Талантты мұғалім»   номинацияларына   орыс тілі мен әдебиеті  пән мұғалімі    Айдана    Нысанбаевалар иеленді.
        Барлық  сайысқа қатысқан  жас мамандарға мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымының  арнайы  дипломдары  және бағалы сыйлықтары табысталды.
    Жүлделі орын иеленген ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!