Үздік жас маман-2024 » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
мамыр
2024

Үздік жас маман-2024

Бүгін  мектебімізде   «Үздік жас маман-2024»  сайысы  өтті.
Байқаудың мақсаты: Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін шыңдау, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін нығайту және тәжірибесін арттыру.
     Мектеп басшысы Ж.Камитбекова мектебіміздің барша  жас мамандарына  шығармашылық табыс тілеп, аталмыш шаралар пән мұғалімдерінің  өзара тәжірибе алмасу мен кәсіби біліктілігін  дамытуға ерекше үлес қосатындығын атап өтті. 
      Жас мамандардың  байқауға  өте  жақсы дайындықпен, үлкен ізденіспен   келгендігі  байқалды.  Сайыс  қорытындысы бойынша  оза шауып  өз шеберлігімен көзге түсіп   БАС ЖҮЛДЕНІ  АҒЫЛШЫН   ТІЛІ  ПӘН МҰҒАЛІМІ    НАЗЕРКЕ    ДОСМАНТАЙ        иеленді.
         І орынды   дене шынықтыру   пән мұғалімі   Бекболат  Құлманов, ІІ орынды   тарих  пән мұғалімі  Алтынбек  Ләзи,  ІІІ орынды    физика  пән мұғалімі   Айбек  Ахметов   иеленсе,  «Шығармашыл   мұғалім»  биология  пән  мұғалімі   Жібек   Бисен,  «Ізденімпаз мұғалім»   биология   пән  мұғалімі  Назерке Әбдуали ,  «Жаңашыл  мұғалім»   бастауыш  сынып  мұғалімі    Рауан   Оралбаева                                    «Өнерлі   мұғалім»   бастауыш  сынып  мұғалімі     Гүлзат   Марсали,   
«Талантты   мұғалім»   номинацияларын   орыс  тілі  мен әдебиеті  пән мұғалімі    Айгерім   Қалмағанбет  иеленді.
        Барлық  сайысқа қатысқан  жас мамандарға мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымының  арнайы  дипломдары  және бағалы сыйлықтары табысталды.
        Жүлделі   орын  иеленген   ұстаздарымызды   жеңістерімен   құттықтаймыз!