Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қызылорда қаласының Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің өзін-өзі бағалау анықтамасы
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қызылорда қаласының Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің өзін-өзі бағалау анықтамасы
Кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін арттыру/растау туралы мәліметтер қосымша тізімде тіркелген, барлығы 100% курстан өткен.
Кемінде үш жылда бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер қосымшада тіркелген, қосымша тізімде тіркелген, барлығы 78% курстан өткен.
2020-2021 оқу жылында –62мұғалім
2021-2022 оқу жылында -53мұғалім
2022-2023 оқу жылында –45мұғалім
Кәсіби конкурстар мен жарыстар жеңімпаздары:
2021-2022 оқу жылында Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінен -23 оқушы, жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен 9 оқушы жүлделі орын иеленді, 1 оқушы республикалық кезеге қатысты. Түрлі байқаулардың қалалық кезеңінен -128 оқушы, облыстық байқаулардан- 12 оқушы, республикалық байқау-2 оқушы жүлделі орын иеленді.
2022-2023 оқу жылында Республикалық пәндік олимпаданың қалалық кезеңінен -16 оқушы, 8 оқушы Алғыс хат иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен 3 оқушы жеңімпаз, 2 оқушы Алғыс хатпен марапатталды.
Түрлі байқаулардың қалалық кезеңінен -112 оқушы, облыстық байқаулардан- 30 оқушы, республикалық байқау-2оқушы жеңімпаз
Оқу-әдістемелік жұмыс
2022-2023 оқу жылында мектептің оқу жоспарлары ҚР БҒМ-нің 08.11.2012 жылғы №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ), «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 08.11.2012 жылғы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 жылғы №412 бұйрығын және МЖМБС талаптарына сәйкес жасалынған.
Оқу жылдарына сабақ кестелері жасалған. Инвариантты және вариативтік компоненттер бойынша сабақтар беріліп, жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу жүктемелері бөлінген.
Оқу жылына сабақ кестелері жасалынған, бекітілген. Инвариантты және вариативтік компоненттер бойынша сағаттар бөлініп, жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу жүктемелері берілген. Сабақ кестелерінде міндетті пәндер 2022-2023 оқу жылында 5 күнге қамтылып, мектеп директорымен бекітілген(қосымша тіркеледі).
Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейлері: 10-11 сыныптар жаратылыстану-математика бағытында оқытылды. Білім алушылардың қызығушылықтарына, қабілеттеріне,олардың болашақта таңдайтын кәсіптеріне, бейіндеріне қарай оқу қызметі жаратылыстану-математика бағытында жүргізіліп, 4 оқытушы университеттен қоса атқарып, информатика, математика, химия, биология пәндері бойынша оқытылды.
Оқу бағдарламаларын игеруде әрбір пән мұғалімі өз пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар жасап, апталық, жылдық сағат саны көрсетіліп, бекітілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес және 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатына сәйкес жылдық оқу-тәрбие жоспары құрылып бекітілді.
Мектептің жылдық оқу –тәрбие жоспары «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы білім сапасын көтеру және мектеп ата-ана оқушы үштігінің ынтымақтастығын арттыру» тақырыбы бойынша №1педагогикалық кеңестің қаулысы бойынша бекітілді. Негізгі мақсат: Мектеп түлектерінің бәсекеге қабілетті, құзіретті, азаматтық қоғамның беделді мүшелері болуға мүмкіндік бере отырып, сапалы білім мен саналы тәрбиелеу арқылы әрбір оқушының жан-жақты дамуына жағымды жағдай қалыптастыру.
Жүргізілетін жұмыс бағыттары
- Оқу бөлімінің жұмыстары. Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту жұмыстары. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын орындау.
- Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясындағы жүргізілетін жұмыстар
- Бейінді, ғылыми әдістемелік жұмыстар
- Тәрбие бағыты және тәлімгердің жұмысы
- Психология бағытындағы жұмыстар
- Кітапхана жұмысы
- Мектептің материалдық техникалық базасы
8. Мектепішілік бақылау – басшылық жұмысы
2022-2023 оқу жылында мектептің әдістемелік жұмысының мақсаты: Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Әдістемелік жұмыс нысандары:
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
Инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдалану;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру;
- Озат тәжірибе мектебі
- Жас мамандар мектебі
- Сертификатталған ұстаздардың шығармашылық топ жұмысы
Инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдану
Тұрақты үйретуші вебинар-семинар;
Пәндік апталықтар;
Сабаққа қатысу;
Біліктіліктіарттырукурстары;
Оқушылармен жұмыс
Пәндік олимпиада, ғылыми жобалар, сайыстар;
Әр пән бірлестіктері бойынша пән апталық жоспары жасалып, ашық сабақтар, сыныптар тыс жұмыстар жүргізілді.
Қыркүйек айында -тіл апталығы, бастауыш сыныптар апталығы
Қазан айында- көркем еңбек, ән-әуез , жас мамандар апталығы
Қараша айында - орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
Желтоқсан айында -тарих пән бірлестігі пән апталығы
Қаңтар айында - дене шынықтыру, сынып жетекшілер апталығы
Ақпан айында - ағылшын тілі пән апталығы
Наурыз айында -физика, математика, информатика пән апталығы
Сәуір айында -химия, биология, география пән бірлестігінің апталығы
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0GDw12yecS81aNJtRyQshv6GSaY27QWazTGMqzYhSU7FdguCDqvKtzPi9GnoJ6i8fl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid037mo44xbm3fukwo394SKfwcts3bkA2rJJgMzocdBuMAWb7QUbkEfycVojwf9mLRU5l&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0JHWwCu5pznEFhL6cDSgx9LpuMgw2b7pmgwScwnaSpoJi9VnLz99PK5q6yq5LvwfZl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid027WwfUcraDgtcTECn9pa9E3c1bqmJfPWSpsVdLNqtTTuTDVRRwGHosvZoDMyZZJAVl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02L5NiDeaSHNfmUEqZ1Xfi9pvkTvUbuToesNrmnTfhJVoL2pDakT8eGBHtwGYZ82BZl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Жас мамандармен жүргізілген жұмыстар
Жас мамандар мектебінің жұмыс жоспары негізінде жас мамандарға бағыт-бағдар беруге негізделген 6 отырыс өткізілді. Барлық пән бірлестігінде жас мамандармен жүргізілетін жұмыстар бойынша жоспар бекітіліп, пән апталықтарының онкүндіктері аясында, «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде сыныптан тыс жұмыстар, түрлі іс шаралар өткізілді.
2022-2023 оқу жылы бойынша еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 17 жас маманға тәлімгер ұстаз бекітіліп, жыл көлемінде жұмыстар жүргізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша - Кәрібай Ғалиябану
тәлімгері М. Алмағанбетова
Тарих пәні бойынша- Ләзи Алтынбек , тәлімгері М. Қасқабаева
Физика пәні бойынша -Ахмет Айбек, тәлімгері Б. Байманова
Ағылышын тілі- Ысқақова Нұрай, тәлімгері А.Мукаева
Ағылшын тілі –Уалиханқызы Жанерке, тәлімгері А.Бисенбаева
Ағылшын тілі-Досмантай Назерке, тәлімгері Утеулиева Гулфара
Ағылшын тілі –Досмантай Назерке , тәлімгері Н.Әжмұратова
Бастауыш сынып- Байділда Айсара, тәлімгері Г.Күнтажиева
Бастауыш сынып-Серікбай Сымбат, тәлімгері Ұ. Жақыпова
Бастауыш сынып -Тәжиева Ақерке, тәлімгері Б.Рүстембекова
Биология пәні- Әбдуали Назерке, тәлімгері Е.Шәймерденов
Биология пәні - Бисен Жібек, тәлімгері А.Раманкулова
Дене шынықтыру-Құлманов Бекболат, тәлімгері Д. Әлімов
Дене шынықтыру- Жақаш Раукен, тәлімгері С. Кенжеев
Орыс тілі мен әдебиеі –А.Қалмағанбетқызы , тәлімгері Г. Нурумбетова
Орыс тілі мен әдебиеті - Нысанбаева Айдана, тәлімгері М.Тілеубаева
Химия пәні- Шигенова Айгерім, тәлімгері Қ.Бұзауова
Қазан айында 2022-2023 оқу жылының Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің жас мамандары "Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Хантәңірінің мұзбалағы,ақиық ақын,тау тұлғалы талант,дарынды дарабоз,"Ғасыр ақыны" атанған, миллион сырлы сезімнің иесі Мұқағали Мақатаевтың өмірімен шығармашылығын талдап,өлеңдерін оқып, пікір алмасып, әдеби кеш өткізді. Кеш барысында жаңартылған "Kahoot","Word woll" прогроммалары арқылы бір бірін бағалап сұрақтарға жауап берді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02eYciiP8epgBmqxM62GRMGLMkTX8BxEyGN2utdmnb3diXT9J6NEA74ctFJNjoCqZbl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Қараша айында Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жас мамандар арасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде Мұхтар Әуезовтің " Қорғансыздың күні" шығармасын оқып талдады. Қанбаев Талғат ағай М.Әуезов туралы мағлұмат берді. Мәтінінің мазмұнын саралап, кейіпкерлердің іс-әрекетін гексагон әдісі арқылы мұғалімдеріміз қорғап шықты. "Әуезов асыл мұрасы" атты кітап көрмесі таныстырылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02xSsq39Q2qDo1fobr6vwnnkSgotAtefHLoQsWxYD2LmMXx2UP3U5cXVbK8dD7r6FNl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Ағылшын тілі онкүндігі аясында жас мамандармен “Magic English “ тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Жас мамандар жылдамдықпен сұрақтарға тез жауап беріп, ойындарға белсене араласты. “Music part”, “Parts of body“, “Логотипті тап” атты кезеңдерден тұрған сайыста пән мұғалімдері ағылшын тілінен түрлі тапсырмалар орындап,қызықты сұрақтарға жауап берді. Осы арқылы ұжымдастар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнап, жақсы көңіл-күймен жылы лебіздерін білдірді.
Ақпан айында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жас мамандар арасында "БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ ТАЛАПТЫҒА БОЛСЫН КЕЗ" атты іс шара өтті. Іс шара барысында Г. Утеулиева оқушылардың ойлау жылдамдығын, шапшаңдығын, ойларын еркін жеткізе алатынын байқау үшін «әріптер сөйлейді» тренингі. Н.Әжмұратова күнделікті қолданыста жүрген сөздердің түпкі мағынасын айтуда Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабы бойынша қолданыстағы ескі сөздердің мағынасын түсіндірді. Г. Бисен құндылықтарды сақтау мақсатында «Салт-дәстүр сөйлейді» кітабын таныстырып, әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлерін, шығу тарихының мән мағынасын аша келе оқушыларды кітапты оқуға шақырды.
А.Мукаева отбасылық кітапханасынан "Отбасындағы-30 сабақ" кітабын таныстырып, түрлі тапсырмалар бойынша орындау реттілігі баяндалды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid037mo44xbm3fukwo394SKfwcts3bkA2rJJgMzocdBuMAWb7QUbkEfycVojwf9mLRU5l&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Мектебімізде жас мамандардың қатысуымен "Ұстазбысың" шоуы өткізілді. Жас ұстаздар қызықты сұрақтарға жауап беріп, көңілдері сергіп, керемет көңіл-күйде болды. Жас мамандарға 1- тапсырма әріптестерінің даусынан тану болса, 2- тапсырма жас ұстаздардың шәкірттері видео арқылы сұрақ қойды, 3- тапсырма көрсетілген суреттен қай жерде, қай күні және қасында кімдер болғанын табу, 4-тапсырма логикалық сұрақтар, 5-тапсырма жылдам сұрақтарға жауап беру болды. Жас ұстаздар барлық кедергілерден сүрінбей өтіп, нағыз маман екенін дәлелдеді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid033jYDxEhBh6cGfYxNe9Y68yAZBYkpkt473551nunZs1qzqajidpZ9MKCWJRB6DAMWl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Жас мамандардың қатысуымен халық ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау барысында “Оқуға құштар” мектеп жобасы аясында мектебімізде “Абай әлеміне саяхат” атты жас амандардың қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау. Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер айтылып, сұрақ-жауап сайысы және Абай атамыздың шығармаларынан үзінді оқылды.
«Үздік жас маман-2023»
Жыл сайынғы дәстүрлі өткізілетін «Үздік жас маман-2023» сайысы сәуір айында өтті. Байқаудың мақсаты: жас мамандардың педагогикалық шеберлігін шыңдау, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін нығайту және тәжірибесін арттыру. Жас мамандардың аталған байқауға жақсы дайындықпен, үлкен ізденіспен келгендігі байқалды. Сайыс қорытындысы бойынша пән бірлестігінен қатысып оза шауып өз шеберлігімен көзге түсіп бас жүлдені бастауыш сынып пән мұғалімі Қалиева Раушан иеленді. 1орынды ағылшын тілі пән мұғалімі Ұлдана Сағымбай, 2 орынды бастауыш сынып пән мұғалімі Ақерке Тәжиева, 3 орынды ағылшын тілі пән мұғалімі Нұрай Ысқақова иеленсе, «Креативті мұғалім» орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шолпан Исабаева, «Ізденімпаз мұғалім» бастауыш сынып мұғалімі Ақылбаева Гүлмайра, «Цифрлы мұғалім» информатика пән мұғалімі Марта Иманкулова, «Өнерлі мұғалім» бастауыш сынып мұғалімі Айдана Бакманова, «Талантты мұғалім» номинацияларын орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Айдана Нысанбаевалар иеленді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0gxdBWBxnauMoMze9hTDd8mWFyWonMQp3paKFDMSsYVpyVJG3pZz5jgzGRanCowYfl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
«Ізденіс» шығармашылықпен жұмыс
«Ізденіс» шығармашылықпен жұмыс мектебі бойынша жоғары санатты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер тізімі жинақталып, жылдық жұмыс жоспары негізінде сауалнама, сұхбат, әңгіме жүргізу, коучинг, «Lesson study» - сабақты зерттеу, «Action reserch» -іс-әрекеттегі зерттеу, тренинг, семинарлар, шеберлік сабақтар өткізілді.
Оқыту мен оқу үдерісінде мұғалім мен білім алушылардың ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, цифрлық білім беру бағдарламаларын қолдану машығын дамыту бағытында сабақтар кестесі жасалып, ашық сабақтар өкізілді.
Мекептебіміздің пән мұғалімдерінің оқу-әдістемілік кешендерін, іс-тәжірибесін тарату, зерттеу, насихаттау мақсатында қала, облыс, республика көлемінде 2021-2022 оқу жылында-17, 2022-2023 оқу жылында -12 әдістемелік, авторлық бағдарламалары жарыққа шықты.
Іс-әрекеттегі зерттеу /Action research/ тәсілі. 2022 жылдың қараша айында математика пәні мұғалімдері Айбатова Жадра, Ескалиева Гулнур 5-сынып оқушыларының математикалық тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін жүргізіп, "Аралас сандарды қосу және азайту" тақырыбында тізбектелген сабақтар топтамасын өткізді. Зерттеу барысында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курсы бойынша мектеп тренері Ж.Иманбаевадан кеңестер алып, "сыншы дос" Айбатова Жадырамен бірге сабақтар жоспарланып, бақыланып, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі талқыланып, келесі сабақты жоспарлауда түзетулер енгізіліп отырды. Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындау барысында "Сиқырлы қалам", "Пликерс", "Тарсия" әдістері, "Әуе шарлары","Домино" ойындары ойнатылып," Білім қоржыны"," Мұғалімге хат" арқылы оқушылар кері байланыс жасап, "Білім қуаты" бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың белсенділіктері жоғарылап, математикалық тілде сөйлеу дағдылары жақсарып, сабаққа деген қызығушылықтары артқаны байқалды.
"Темірше" кәсіби қоғамдастығы мүшелерінің ұйымдастырылуымен 10-11 сыныптар арасында "Ата-ананың бала тәрбиесінде қатаң талап қоюы қаншалықты маңызды?" тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Дебатта үкімет және оппозиция өз ойларын ашық білдіріп, тартысты пікірталас орнатты.Қазіргі таңдағы өзекті тақырып аясында пікір алмасқан топ мүшелері өз ойларын нақты дәлелдер келтіре отырып ашық ойларын жеткізе білді. Аталған тақырыпқа жас мамандар, сынып жетекшілер де өз ойларын ортаға салды. Мектеп директоры Ж.Камитбекова ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы өмірден түрлі мысалдар келтіріп, алған әсерімен бөлісіп дебатты қорытындылады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02psJjFQbA9JFFiC9vDgQZb7iYMBuA6SjAaVRKxZYdk2Cv95vL2si1cktFUESfwqmhl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
"Озат шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер, мектебінің жоспарына сәйкес ,Ғылыми жоба жазу үлгісі атты коучинг болып өтті. Бала - табиғатынан зерттеуші. Қоршаған дүниенің барлығы қызық. Ал, ұстаздың басты қызметі білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың шығармашылық, ізенімпаздық қасиеттерін қалыптастыру жолында тынымсыз, үзбей жұмыс жасау болып табылады. Коучинг барысында ұстаздар өздеріне қажетті мәліметтер алды. Оқушының жас ерекшелігіне байланысты зерттеу жұмысы жүргізілді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid031bFvKbofD4MEPovFMCW3uc842v8Uqfwd9r7RC3r37QfGERH81UcdeTqpw6mewWepl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Ағылшын тілі онкүндігі барысында "Рефлексивті практик" тақырыбында шеберлік сыныбы болып өтті. Н. Әжмұратова өз тәжірибесімен бөлісе отырып, жас мамандар үшін сабақтан кейін рефлексия жасаудың сабақ үдерісіне, сабақтағы іс-әрекетіне маңыздылығын атап өтті, үлгілері көрсетілді. Сұрақ-жауап түрінде логикалық, қызықты тапсырмалар орындады, мұғалімдер белсенді қатысты. Рефлексия жасау, күнделік жүргізу мұғалімнің жақсы нәтижеге қол жеткізуінің бір жолы екендігін түсінді.
Кәсіби байқау жеңімпаздары / 2022-2023 оқу жылы/
Білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстарымен қатар "Алтын белгі" иегерін дайындаудағы қажырлы еңбегі үшін мектебіміздің ардагер ұстазы М. Әшірбекова және бастауыш сынып мұғалімі Иманбаева Жұмагүлге облыстық кәсіподақ комитеті "Біркөлік" шипажайына ЖОЛДАМА табысталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0JZ2PZgFppvPMwMP1rJn4fs2LwBWfY1kC11pj9YyTvvHjWpdPS7mhsjs6YMvZ89W9l&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында жас мамандарды шыңдау мақсатындағы «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2022» қалалық байқауына мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Аяпов Сұлтан Бақытұлы жүлделі 2 орынды иеленді.
Қызылорда қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ – 2022» қалалық байқауына мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Жайдар Жолаханов 3 орын иеленді.
Қызылорда қалалық магниттік мектептер арасында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткізілген «Педагогикалық идеялар фестиваліне» мектебіміздің атынан қатысқан ағылшын тілі пән мұғалімі Жақау Камшат жүлделі II орынды иеленді.
Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш зиялылары" тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің қалалық байқауында Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі АГИБАЕВА АЙГҮЛ АБДИАЛИМОВНА 2 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
«EDUMETWORK» желілік қоғамдастығы бастамасы бойынша бастау алған аймақтық шаралардың жалғасы іспеттес болған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық мектептер арасында қалалық сайысы болып өтті. Сайысқа қатысушы ұстаздар «Абай жолы» роман-эпопеясын мазмұндық желісі, шығармадағы көркемдік шешімдерді саралады. Сайыс барысында қатысушылар «Абай жолы» роман-эпопеясының мазмұны мен көркемдік шешімін, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты талдады. Аталмыш шараға мектебіміздің атынан қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қ.Сұлтанмахмұтова мен Т.Қанбаев әділқазылар алқасының шешімімен сайыстағы үш кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылып, 1-орынды жеңіп алды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Бауыржан Малика 2022 жылдың 9 желтоқсан күні Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында "САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ" облыстық ғылыми - практикалық конференциясына қатысып, Lesson Studyдағы өз іс тәжірибесін постер түрінде ұсынып, оны қорғады. Бұл конференцияға қатысудағы басты мақсат мектептегі зерттеу нәтижелерін таныстыру,көрсету және осы нәтижелері негізінде тәжірибе алмасу болатын.Мектеп тренері Иманбаева Ж.ақылдаса отырып , постерде зерттеу нысаны, зерттеу тақырыбы, зерттеу сұрағы, зерттеудің мақсаты мен өзектілігі, зерттеуде қолданылған әдіс- тәсілдер, зерттеудің қорытындысы таныстырылды. Өз нәтижесімен бөліскен мектебіміздің мұғалімі Бауыржан Маликаға сертификат пен алғыс хат табысталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid06Ft8R2CQjVDDiKuencejsfLLutDHDihwsBQmu1EjqCSGZSbWM3HYJRhVtDvDPE7il&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0sU1wZ5PCtP3TeE2tTnduYnbt5CAwDg34DKfjBwWpPKqanxc4qx4unEL5yqiNJhGnl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02trisQrsbMkMUR9b4o4UdPmQK7UNTxn4JUEApuUH1bF76XJg6rUo1cL7tczWANtbWl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздары / 2022-2023 оқу жылы/
«Үздік авторлық бағдарлама - 2023» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жүлделі орын иегерлері:
2орын – география пәні мұғалімі Нысанбай Мөлдір Молдабайқызы
3орын – орыс тілі пәні мұғалімі Дуйсенбиева Мейрамкуль Нуридинована
3орын – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ертаева Жадыра
3 орын – информатика пәні мұғалімі Абдкереева Гаухар
2022-2023 оқу жылы бойынша өткізілген семинарлар, дөңгелек үстел, шеберлік сыныптар
Мектебімізге есімі берілген Т.Жүргеновтің 125 жылдығы қарсаңында бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен "Естеліктер не дейді?" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласын дамытудағы қайраткердің өмір жолы мен қызметі туралы естеліктермен бөлісе отырып, тұлғалық қасиеттерін ұрпаққа таныту, үлгі-өнеге ету. Дөңгелек үстелде А.Жұбанов, Д.Ермекова(Жүргенова), М.Әбдіқұлов, А.Тоқпанов, Қ.Байсейітов, Қ.Жандарбеков, Ә.Рахымбекұлының туындыларынан естеліктер айтылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid05F8LTz9fGXjFnrWfH7obvodJQYaLjXXPrqF593ZTSbn2Jk16hcAfJ1o3k7sbxcXxl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жылдығына байланысты мектеп- лицей кітапханасы мен №16 қалалық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен " Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында «Ұлтын сүйген асыл ер» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: Жас оқырмандарға Орта Азия мен Қазақстанның білім ғылымын және мәдениетін дамытуда орасан зор еңбек сіңіріп, қазақ ұлтының рухын қайта түлеткен тұлға Темірбек Жүргеновтың ерен еңбегі мен жанкешті қайраткерлігін, кемел болмысын үлгі-өнеге ету, насихаттау.
Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жылдығына байланысты «Тағылымы мол тарихи тұлға» тақырыбымен Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» /роман/ кітабының тұсаукесері болып өтті.
Іс-шарамыздың құрметті қонақтарының қатарында
1. Жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, «Комиссар Жүргенов» романының авторы Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы;
2. Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті, профессор Ғарифолла Әнес;
3. «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор» төрағасы, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Аңсатов Сәпен Әбдіқадірұлы;
4. Айтыскер ақын, күйші, «Маздау» қоғамдық қорының директоры Қуаныш Мәжкенұлы Мақсұтов болды.
5. Түркістан, Қарағанды облысы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан келген халықаралық конференцияның қатысушылары болды.
Жиналғандар «Мектеп театры» жобасы аясында оқушылардың «Өз заманынан озық туған қайраткер» театрландырылған қойылымын тамашалады.
Мектеп оқушылары квартетінің орындауында «Тектілік әнін» тыңдады.
/Сөзі: Тоба Өтепбай; Әні – Қанат Едресов/
Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесі Т.Жүргеновтің 125 жылдығы қарсаңында жарық көрген Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабының лентасын қию рәсімі орындалды.
Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жылдығына орай мектебімізде мемлекет және қоғам қайраткері, білім мен өнердің нағыз жанашырына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Жиын «Халқына қызмет еткен тұлға» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан Темірбек Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев кіріспе сөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.Аталған конференцияға облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет, «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор» төрағасы С.Аңсатов, білім саласының қызметкерлері мен ғалымдар, ардагерлер және Темірбек Қараұлының туысқандары қатысты.
Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, Алаштың аяулы ұлының өмір тарихынан оқушылар қойылым көрсетті. Т.Жүргеновтің қайраткерлік, қаламгерлік, азаматтық болмысы жайында ардагерлер мен ғалымдар ой-толғамдарын тарқатып айтып берді. Сондай-ақ, «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор» төрағасы С.Аңсатов арда азамат туралы арнайы баяндама жасап, қайраткердің республика тарихында алар қоғамдық-саяси орны, қаламгерлік мұрасы, жас ұрпаққа берер өнегесі туралы кең ауқымда әңгімелеп, тың ұсыныстарын ортаға салды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0b5tX9sBx582FkTPma7Y9hkukMStbHPnsLjViAERCU39aT2uphTzN3r5wNay7fydCl&id=100014796435063&mibextid=Nif5oz
Мектебімізде химия, биология және география пән мұғалімдерінің қатысуымен «Жаратылыстану ғылымының құпиясы-тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» тақырыбымен қалалық семинар өткізілді. Семинар мақсаты - оқушыларды жаратылыстану ғылымдары әлемінің тұңғиық сырларына бойлауға, химия, биология және география пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Семинар барысында сыныптан тыс жұмыстарға басымдық берілді. «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп театры», «Дебат клубы» жобаларын химия, биология және география пәндерімен байланыстыра отырып түрлі жұмыстар ұсынылды. Сонымен қатар, қонақтарға арнайы көрме ұйымдастырылып, мектептің арнайы дайындалған «жасыл бұрышында» химия пәнінен қызықты тәжірибелерді тамашалады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0219vRYZy1RGkdEnSBpswZ6MCUwyrcvFRoQsSCqcQHmmWQ9d6gohR961Dji6Sqowkgl&id=100021543526940&mibextid=Nif5oz
Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде "Ұлттың Рухы сыналған Желтоқсан" атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих пәндерінің оқытушылары Оразбақов Айтжан мен Абдразақова Алмагүл қатысты. Модератор Абдразакова Алмагүл 1986 жылғы 16-17 желтоқсанда болған оқиғаларды, бейбіт ереуілге шыққан желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухының арнап тарихтан сыр шертті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан "Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы рухы" тақырыпта сөз қозғады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02BaWWBmpSiNduSym7WgjaAcjZ5DEQaC3FBP35wfdPso5egJP9SqpmRxiR9GmVBssGl&id=100024106282563&mibextid=Nif5oz
Оқушылардың жетістіктері
(ғылыми жоба, олимпиада, түрлі байқаулар )
Бастауыш сыныптар бойынша «Зерделі» ақыл ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 3-4 сыныптар арасында «Алтын сақа» олимпиадасының Облыстық кезеңінде 4 «Г»сынып оқушысы Болатбек Рахман жүлделі 3 орын иеленді жетекшісі: Ж. Шукенова
4 «Д»сынып оқушысы Исатай Аслан Алғыс хат алды, жетекшісі: Г Күнтажиева иеленді.
Қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастырумен 3,4-сыныптарда математика пәнінен өткізілген олимпиадада жүлдегер атанған 3"Е"сынып оқушысы Р. Задаев 2орын, пән мұғалімі Р.Қалиева, 4"Г" сынып оқушысы Р. Болатбек 2-орын, мұғалімі Ж.Шукенова
«Ғылыми бағдар беру» шеберханасы ұйымдастыруымен өткізілген облыстық ғылыми жоба байқауында мектебіміздің 10-сынып оқушысы химия секциясы бойынша Серікбай Қымбат жүлделі 2-орын, пән мұғалімі Айгерім Шигенова, қазақстан тарихы секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Күлдебаев Рустам екінші орын, пән мұғалімі Байсалбаева Гүлнарай.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0LnDjRS7D61VtQKHuLNVDvXeyW7WHpbcJpy85pZYSRXUC8U92JWwRKCSzhWHDebwsl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мектебіміздің үздік оқушысы, қалалық, облыстық білім байқауларының жеңімпазы АСЫЛБЕК АБАЙ «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып республикалық кезеңге жолдама алды.
Оқушымыз Абай іріктеу кезеңінде математика, физика, химия,биология пәндері бойынша және және эссе жазу тапсырмаларын орындауда өз білімімен, білігін көрсете білді.
Пән мұғалімдері:
Күлшат Даумегенова /математика/
Бибіхауа Байманова /физика/
Құралай Бұзауова /химия/
Ерзат Шәймерденов /биология/
Мархабат Алмағанбетова /қазақ тілі мен әдебиеті/
2021 жылдың 08 сәуір күні «ORDA» жоғары колледжінің «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігі «Жаңа Қазақстан: БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ" апталық аясында өткен "Жүзден жүйрік..." атты олимпиадада жоғары жетістікке қол жеткізіп мектебіміздің оқушылары Садықбекова Аружан, Асылбек Абай жүлделі орындарды иеленді.
"Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының "Менің шағын Отаным" атты республикалық зияткерлік байқауының бірінші кезеңінде (қалалық) байқаудан Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп лицейінің 10 " А" сынып оқушысы Самке Аяулым жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Каскабаева Мадина Серікбайқызы
«Ел үміті жобасының» Елбасы медалінің
қола медаль иегерлері
Мұхтар Әділ Қайсарұлы
Садықбекова Аружан Еркінқызы
Сариева Камилла
Ермағанбет Нұрболат
Мұхтар Мирас
Жалпы білім беретін негізгі пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиаданың ІІ ( қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің жүлдегерлері
1. Құқық негіздері пәні бойынша 9 сынып оқушысы Сапа Рамазан 2 орын, пән мұғалімі Камитбекова Жанат
2. Химия пәні бойынша 9 сынып оқушысы Далдабай Аружан 2орын, пән мұғалімі Бұзауова Құралай
3. Математика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Қожагелді Ұлту 2 орын, пән мұғалімі Даумегенова Кулшат
4.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11 сынып оқушысы Садықбекова Аружан 2 орын, пән мұғалімі Алмағанбетова Мархабат
5.Информатика пәні бойынша 11 сынып оқушысы Жылқайдаров Марлен 2 орын, пән мұғалімі Абдкереева Гаухар
6. Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысы Әмірхан Айбар 2 орын, пән мұғалімі Шәймерденов Ерзат
7.Құқық негіздері пәнінен 10 сынып оқушысы Ермағанбет Нұрболат 3 орын, пән мұғалімі Камитбекова Жанат
8. Химия пәнінен 11 сынып оқушысы Асылбек Абай 3орын, пән мұғалімі Бұзауова Құралай
9.Қазақстан тарихы пәнінен 9сынып оқушысы Шәрипулла Талғат 3орын, пән мұғалімі Қасқабаева Мадина
10.Биология пәнінен 10 сынып оқушысы Уалиханова Шахназ 3орын, пән мұғалімі Шәймерденов Ерзат
11.Орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Әділжанқызы Адия Алғыс хат, пән мұғалімі Аблаева Жанна
12.Орыс тілі пәнінен 11 сынып оқушысы Исаева Жібек Алғыс хат, пән мұғалімі Нурумбетова Гульнар
13.Орыс тілі пәнінен 9 сынып оқушысы Елтай Айша Алғыс хат, пән мұғалімі Дуйсенбиева Мирамкуль
14.Ағылшын тілінен 9 сынып оқушысы Амантайұлы Аслан Алғыс хат, пән мұғалімі Әжмұратова Назгүл
15. Ағылшын тілінен 10 сынып оқушысы Серік Арайлым Алғыс хат, пән мұғалімі Мукаева Арай
16. Физика пәнінен 10 сынып оқушысы Мұхтарқызы Дильназ Алғыс хат, пән мұғалімі Айтбайқызы Наурызай
2023 жылдың 17 сәуір күні Қызылорда облысының білім басқармасы жалпы білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық юниорлық олимпиада жеңімпаздары:
Химия пәнінен 8-сынып оқушысы Қайырбек Жанерке 2-орын. Пән мұғалімі Бұзауова Құралай.
География пәнінен 7- сынып оқушысы Рүстемқызы Алуа 3-орын. Пән мұғалімі Атеева Ғайни.
Математика пәнінен 7- сынып оқушысы Нұрлан Нұрбол 3-орын. Пән мұғалімі Айбатова Жадыра.
Информатика пәнінен 7- сынып оқушысы Серік Нұрислам 2-орын. Пән мұғалімі Абдкереева Гаухар.
Информатика пәнінен 8- сынып оқушысы Қайырбек Назерке 2- орын. Пән мұғалімі Нұржанова Есенкүл.
Жалпы білім беру ұйымдарының 7 - сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша Қ.Игенбаев атындағы облыстық олимпиадада 3 орын иеленген 7 «А» сынып оқушысы Нұрлан Нұрбол мен жетекшісі пән мұғалімі Жадра Айбатова. Олимпиада мақсаты: Білім саласында өзіндік орны бар математик Қ.Игенбаевтың өмірін насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау жасау, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Мектебіміздің 7"А" сынып оқушысы Али Каусар Қызылорда қаласында өткен Республикалық турнирде 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан 1 орынды иеленді.
Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Орынбеков Ғұбайдулла Қызылорда облысының жастары арасында «Smart city Kyzylorda» концепциясында инновациялық жобалар, ақпараттық технологиялар мен стартап жобаларды дамытуға арналған бағыттарында IT-жобалар байқауының "Әзірлеу" номинациясы бойынша сайт, мобильді қосымша, бот және ойындар әзірлеу жобасына қатысып, 2орын иеленді. Жеңімпаз шәкіртімізге 50000 мың теңге қаржылай сыйақының сертификаты табысталды. Жетекшісі – Абдкереева Гаухар Жанбырбаевна
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0ox83Hvw5TgnubanKENvAMB9uZ78wqS7UJinCxKkTR9BP7g9SAADDnNCProJaK9r4l&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
Республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңі бойынша жүлдегерлер
Медицина, психология, экология секциясынан
6 сынып оқушысы Қуатбек Бибіпатыма жүлделі 2орын, жетекшісі Баймаханова Нургуль Мухамбеткалиевна
3 сынып оқушысы Төребай Даниял жүлделі 2орын, жетекшісі Қалиева Раушангүл Сарсеналиевна
6 сынып оқушысы Жұмағазы Мағжан жүлделі 2орын, жетекшісі Нулгул Какметова Боранбаевна
5 сынып оқушысы Дүйсенбаева Айдана Алғыс хат, жетекшісі Нысанбай Мөлдір Молдабайқызы
6 сынып оқушысы Шамурова Бикежан Алғыс хат жетекшісі Самал Арай Берікқызы
Химия, биология секциясы бойынша
4 сынып оқушысы Саду Бауыржан жүлделі 3орын, жетекшісі Кунтажиева Гульбаршын Жарқынбековна
3 сынып оқушысы Ерболұлы Досбол жүлделі 2 орын, жетекшісі Ақылбаева Гульмайра Алтынбаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша
6 сынып оқушысы Жағыпар Айназ жүлделі 3орын, жетекшісі Алмағанбетова Мархабат Кайрановна
6 сынып оқушысы Асау Айнуддин жүлделі 3 орын, жетекшісі Ертаева Жадыра Дуйсенбаевна
Тарих, өлкетану секциясы бойынша
6 сынып оқушысы Еркін Саялы жүлделі 3орын, жетекшісі Жанұзақова Венера Жанұзаққызы
Математика, қолданбалы математика секциясы бойынша
7сынып оқушысы Кульдибаев Рустам жүлделі 2орын, жетекшісі Айбатова Жадра Муратовна
Физика, космос секциясы бойынша
7сынып оқушысы Серікбай Нұрасыл Алғыс хат, жетекшісі Ахмет Айбек Жеңісұлы
Ағылшын секциясы бойынша
5сынып оқушысы Тайжан Балнұр Алғыс хат, жетекшісі Жақау Камшат Жетесқызы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінен жүлделі
орындарға ие болған оқушылар
Тарих секциясы бойынша
-Қайрбек Бейбіт, Маратқызы Салтанат 3 орын, жетекшісі Ж.Камитбекова
-Жұмағали Нұрай 3 орын,жетекшісі А.Ағыбаева
Информатика секциясы бойынша
-Орынбеков Ғубайдулла 1орын, жетекшісі Г.Әбдікереева
Химия секциясы бойынша
-Грамота, Серікбай Қымбат, жетекшісі А.Шигенова
Биология секциясы бойынша
-Сертификат, Шарипова Іңкәр, жетекшісі Шәймерденов Ерзат
5-6сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлері
Жаратылыстану пәні бойынша 6 сынып оқушысы Қуатбек Бибіпатма жүлделі 1орын, пән мұғалімі Баймаханова Нургул
Қазақстан тарихы пәні бойынша 6 сынып оқушысы Қалдыбай Ерасыл 2орын, пән мұғалімі Қасқабаева Мадина
Ағылшын тілі пәні бойынша 6 сынып оқушысы Еркін Саялы 2 орын, пән мұғалімі Досмантай Назерке
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6сынып оқушысы Амантай Інжу 3 орын, пән мұғалімі Аймаханова Жұлдыз
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 сынып оқушысы Кенжетай Інжу 3 орын, пән мұғалімі Ертай Айжан
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6 сынып Жарбол Айназым 3орын, пән мұғалімі Ертаева Жадыра
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 сынып оқушысы Сералиева Амина Алғыс хат, пән мұғалімі Жалмағанбетова Гулназ
Ағылшын тілі пәні бойынша 5сынып оқушысы Дүйсенбаева Айдана Алғыс хат, пән мұғалімі Шопанбаева Айнур
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжі Балабаева Рыскүл Камалқызын еске алуға арналған "Хорды дирижерлау" бөлімінің ұйымдастыруымен "Ақ көгершін" балалар мен жасөспірімдер арасында шығармашылық Хор өнері фестиваль- конкурсында Т. Жүргенов атындағы # 136 мектеп- лицейінің "Балалар хоры" Бас жүлдені иеленді.
Жетекшісі: Алтынбекова Нурсулу Абдуллаевна
«ҮЗДІК СЫНЫП-2023» жобасы
«Бәсеке әлеміндегі басты тегеурін – білімде» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында білім бәсекелестігін тудыра отырып, білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын 2-4 сыныптар аралығында оқу жылы барысында «ҮЗДІК СЫНЫП» жобасы жүргізілді. Ағымдағы 2022-2023 оқу жылында жобаны жүргізу жоспары бойынша мектепішілік бақылау: қазақ тілі пәнінен сын жұмысы, математика пәнінен бақылау жұмысы және оқу шапшаңдығын тексеру 22 сынып жиынтығында жүргізіліп, сапасы шығарылды. Сонымен қатар мектепішілік пәндік (қазақ тілі, математика, дүниетану, жаратылыстану) олимпиадаларда алған орындары есепке алынды. Барлық бақылау қорытындылары кестеге түсіріліп, құрылған комиссияның жүргізген есептеулерінің қортындысымен қабылданған шешімімен
«ҮЗДІК СЫНЫП» жобасы бойынша
«Бас жүлде» 2«Б», сынып жетекшісі Рустембекова Бубайра
1- орын 4 «Б», сынып жетекшісі Сүлеймен Арайлы
2 -орын 2 «А», сынып жетекшісі Алтынбаева Жанат
3 «А» сынып жетекшісі Ағайдарова Айжан
3-орын
4 «А», сынып жетекшісі Бакманова Айдана
4 «Д», сынып жетекшісі Кунтажиева Гүлбаршын иеленді.
«Жүргенов төсбелгісі жобасы»
Мектебімізде мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай Жүргенов төсбелгісі жобасы жүргізілуде.
Жоба авторлары: Ерзат Қалдыбекұлы, Жанболат Нұралыұлы
Жобаның мақсаты - қиындықтарды жеңуге, әртүрлі дағдыларда өздерін ұдайы дамытуға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті, функционалдық сауатты, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Жобаның міндеті - әрбір қатысушы үшін білім беру, шығармашылық, мәдени және функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.
Жобаға 2021-2022 оқу жылы бойынша қатысып, жүлделі орындар мен сыйақыға ие болған оқушылар:
1. Садықбекова Аружан
2. Қайырбек Бейбіт
3. Маман Сымбат
4. Серікбай Қымбат
5. Ермағанбет Нұрболат
6. Достанова Толғанай
7. Бахытова Көркемай
2022-2023 оқу жылы бойынша қатысып, жүлделі орындар мен сыйақыға ие болған оқушылар:
1.Дәрібай Ақжарқын
2.Әбдрахман Ерназар
3.Иманкулова Алтынай
4.Совет Мақсат
5.Ермағамбет Ернар
6.Жарқынбек Рамина
7.Жорабек Дана
8.Бекнұрқызы Аяулым
9.Аманқосова Ақниет
10.Еркінқызы Хадия
11.Маман Сымбат
12.Ермағанбет Нұрболат
13.Жұмағали Нұрай
14.Серікбай Қымбат
15.Кушенбаев Мақсат
«Математикалық сауаттылық мектебі» ЖОБАСЫ
«Математика біздің айналамызда» аймақтық сайысы Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай «Математикалық сауаттылық» жобасы аясында «EDU. NETWORK.KZO» желілік қоғамдастығы мектептері арасында (№1, 5, 6, 8, 9, 23, 136, 211) «Kahoot» бағдарламасы бойынша «Математика біздің айналамызда» аймақтық сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың жеке тұлға ретінде зияткерлік дамуына ықпал ету, білімді кеңейтуге ынталандыруды арттыру және дарынды оқушыларды анықтау. Сайыс нәтижесінде жүлделі 1 орынды Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп–гимназиясының топтық командасы, 2 орынды Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің топтық командасы, 3 орынды Ж.Кизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің топтық командасы, М.Сужиков атындағы №6 орта мектептің топтық командасы Алғыс хат иеленсе, «Үздік ойыншы» номинацияларына Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің және Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның оқушылары ие болды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid06uZSvBDkruzfrPAf45cRTRrpK8x5Wg23ezJAXKBSW4CscVYJcHvUfzSe9aGFuFQPl&id=100015279453228&mibextid=Nif5oz
«Математикалық сауаттылық» жобасының мақсаты: 1-11 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру; оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру;
«Математикалық сауаттылық мектебі» жобасы 1-11 сынып оқушыларының ауызша, жылдам есептеу, дағдысын қалыстастыру. Оқушылардың математика пәніне бейімділігін арттыру. АКТ құралдарын қолдану арқылы математика теориясын терең меңгеруіне жол ашу.
Бұл жоба аясында жоспарға сәйкес түрлі бағыттағы жұмыстар, семинарлар, шеберлік сабақтар, жүргізіліп, нәтижесі ақпарат құралдарына жарияланды.