«Халқына қызмет еткен тұлға» тақырыбында облыстық семинар » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халқына қызмет еткен тұлға» тақырыбында облыстық семинар
23
ақпан
2023

«Халқына қызмет еткен тұлға» тақырыбында облыстық семинар








Семинар

ТҮРКСОЙ  ұйымының шешімімен 2023 жылды  Түркі әлемінде «Жүргенов жылы» деп жариялануына байланысты Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына орай бүгін мектебімізде облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, Темірбек Жүргенов атындағы              №136 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен  «Халқына қызмет еткен тұлға» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

Халқының жарқын болашағы үшін ақтық демі біткенше күрескен Қараұлы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай қайраткердің өмірі мен  қызметі туралы қатысушылардың танымын кеңейту, тереңдету, мәліметтермен алмасу; білімге құштарлығы, шексіз еңбекқорлығы мен отансүйгіштігін үлгі-өнеге ету; қазақ елінің білімі, ғылымы, мәдениетін дамытудағы қызметін, еліміздің дамуы жолында сіңірген қажырлы еңбегін таныстыру; тұлғалық адамгершілік қасиеттерін, азаматтық бейнесін таныту; бүгінгі күні  еңбегінің бағалануы және Түркі әлемінде 2023 жылы аталып өтілетін «Жүргенов жылының» салтанатты ашылуын жариялау мақсаты қойылды.

Семинардың құрметті қонақтары қатарында

Қызылорда облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, 

Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы,

Қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тәуіпбаев Сұлтанбек,

Қалалық білім бөлімінің басшысы Боданов Ерлан Теңізбайұлы,

Қызылорда облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары  Алтынбаева Жанат Олжабайқызы,

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы  Сағитжанова Эльзира Нағашыбайқызы,

«Темірбек  Жүргенов атындағы қоғамдық қор» төрағасы Аңсатов Сәпен Әбдіқадірұлы,

Қорқыт ата университетінің оқытушысы, профессор Оразбахов Айтжан Жұмабайұлы,

Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туысқаны Нұржанов Жағыпар Нұржанұлы болды.

Семинарға облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі мамандары, қала мектептерінің ардагерлер кеңесінің төрағалары,  аймақтық «EDU. NETWORK. KZO» желілік қоғамдастығына қарасты мектептің директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты.

    Іс-шара Темірбек Қараұлы Жүргеновтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталып, қайраткерге арналған мұражайындың мазмұны мен мектеп тарихы бойынша таныстырылым жасалды. Қатысушыларға  оқушылар «Мектеп театры» жобасы аясында Темірбек Жүргеновтің көшбасшылық қабілетін, азаматтық ұстанымын танытатын театрландырылған қойылым және мектеп оркестрі «Балбырауын» күйін ұсынды. Одан әрі Түркі әлемінде аталып өтілетін «Жүргенов жылының» ашылу салтанатына арналған конференцияға жалғасты. Конференцияда семинардың құрметті қонақтары баяндамалар жасап, естеліктер айтып, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың мазмұнымен бөлісті. Жүргеновке арналған «Тектілік» әні мен Мектеп гимні де орындалды.

   Келесі бөлімінде қатысушылар төрт топқа бөлініп, «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы - Темірбек Жүргенов» тәрбие сағатына, «Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе» қыздар клубының, «Әкеден ақыл, ағадан жігер, баладан ізет» әкелер мектебінің жұмысына, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Тарихи тұлғаның тағылымды жолы  ұрпаққа үлгі» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысып, мұғалімдермен, оқушылармен жақынырақ ой бөлісті. 

Қортындылау кезеңінде «Жақсыдан сөз қалады, жасампаз іс қалады», демекші Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері туралы көкейде жүрген сұрақтар төңірегінде қатысушылар пікір алмасты.

Халқы үшін қалтқысыз еңбек еткен қайраткер еңбегінің құндылығын дәріптеу, оның тұлғалық-адамгершілік қасиеттерін, азаматтық бейнесін үлгі-өнеге ету, кейінгі ұрпаққа таныту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.