Камитбекова Жанат Убайдуллақызы


Камитбекова Жанат Убайдуллақызы 01.03.1971 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Қоғалыкөл» ауылында туып өскен.
Жоғары білімді, 1988-1993 жылдар аралығы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты филология факультетінің, тарих және қоғамтану бөлімін бітірген.
Жалпы педагогикалық өтілі: 2 жыл. Лауазымдық қызметте 20 жыл. Осы аталған Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей директоры болып 09.0.2019 жылы қалалық білім бөлімінің №212 ж/қ бұйрығымен тағайындалған. 2021 жылы аттестациядан өтіп, «Екінші біліктілік санатты басшы» біліктілігін алды.
Еңбек жолы: 1993 жылдан 1995 жылға дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданы №118 орта мектебінің тарих және қоғамтану пәндері мұғалімі, 1995 жылдан 1996 жылға дейін Қызылорда қаласының №212 орта мектебінің тарих және қоғамтану мұғалімі, 1996 жылдан 2000 жылға дейін Қызылорда қаласының №19 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары, 2000 жылдан 2005 жылға дейін Қызылорда қаласының №19 орта мектебі директорының оқу ісі жөнінен орынбасары, 2005 жылдан 2006 жылға дейін Қызылорда қаласының №2 орта мектебі директорының оқу ісі жөнінен орынбасары, 2006 жылдан 2010 жылға дейін Қызылорда қалалық білім бөлімінің Бас маманы, 2010 жылдан 2013 Қызылорда облыстық білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің» бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылғы 13 желтоқсаннан – 2018 жылғы 24 наурызға дейін І. Қабылов атындағы №12 орта мектеп директоры, 2018 жылғы 24 наурыздан бастап 2019 жылғы 9 шілдеге дейін қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, 2019 жылғы 9 шілдеден бастап Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей директоры қызметтерін атқарып келеді.