«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға міндет» » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға міндет»
07
желтоқсан
2022

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға міндет»

 Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде желтоқсан күні  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға міндет» тақырыбында жиналыс болып өтті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі.
    Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін,елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық  дамуды тежейтіні баршаға мәлім.
     Қазақстан Республикасы жалпы демократиялық, зайырлы, құқықтық  және  әлеуметтік мемлекет  ретінде  орнықтыру  жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің  бірі сыбайлас  жемқорлық. Сондықтан, оны болдырмау және алдын-алу мақсатында мектебімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. 
    Осы тақырып аясында мектеп ұжымына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Шара барысында мектеп-лицей директоры Ж.Камитбекова ұжымға құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізіп,мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Рахымбаев баяндама жасап, бейнероликтер мен тақырыптық слайдтар арқылы ақпараттық түсініктемлер берді.