⚜️СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ⚜ » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ⚜
01
маусым
2023

⚜️СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ⚜

⚜️СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ⚜
?Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде “СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ” атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 
? Салтанатты  жиын барысында мектеп директоры Камитбекова Жанат Убайдуллақызы ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектептің  бітіруші түлектеріне ізгі тілектерін білдірді.
? Сонымен қатар аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған "Жүргенов төсбелгісі" жобасына белсене қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білген оқушылар марапатталып, 10 мың теңгелік сертификаттар табысталды. 
? Құрметті мектеп бітіруші түлектер! 
Көздеген мұрат - мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыз орындалсын. Келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын. Жаңа өмірге басқан қадамдарыңыз сәттілікке толы болсын!
Егеменді еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосып мықты маман иесі болыңыздар!