Ұстаз деген - жарық күні ғаламның » №136 мектеп-лицей
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №136 имени Темирбека Жургенова»
отдела образования по городу Кызылорда
управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7242) 22-28-78
Бухгалтерия
+7(7242) 22-28-78
Версия для
слабовидящих
» » Ұстаз деген - жарық күні ғаламның
03
октябрь
2022

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның



"Ұстаз деген - жарық күні ғаламның" тақырыбында 30.09.2022ж күні қарттар және ұстаздар күніне арналған іс-шара өткізіліп, мерейлі            0 жасқа толған ардагерлерімізге және оқу жылы барысында озық тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби ілгерілеу жағынан көрінген ұстаздарымыз марапатталды.  Барша педагогтерді төл мерекесімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына аманшылық, еңбегіне жеміс тілейміз.


Талғат Қанбаев.

Ардагер ұстаздарға арнау


Ұстаздар.Қариялар.Ардагерлер.
 Январьда жалын болып жанған ерлер.
 Тар кезеңде тайсалмай қиындықтан
 Түренін тастақ жерге салған ерлер.

Иыққа артып бір кезде заман жүгін
 Сіңірген шәкіртіне ғалам нұрын
 Немере бағып бүгін отырғанмен
 Ұмыта алмай жүргендер мамандығын.

Зауалы замананың жеңбегендер,
 Бар қуатын еліне берген ерлер,
 Өсіріп талай-талай бәйтеректі
 Саясында демалып көрмегендер.

Мойынға артып қиынның қос қабатын
 Шаршап үйге қайтқандар кешке жақын.
 Сендерсіңдер - ізде қалған қиындықты
 Бүгінде сағынумен еске алатын.

Бойымда әлі санама сепкен білім
 Сенің арқаң -табысқа жеткендігім
 Бізді өрге бастаумен келеді әлі
 Бвла кезде жүрекке төккен нұрың

Білеміз, көктем үшін маңызды әр күз.
 Біз - бүгінбіз: сендер еккен аңызданбыз.
 Қарттарға әлем бір күн арнағанмен
 Әр күн үшін сендерге қарыздармыз

Өздерің - біздер үшін тірек- негіз;
 Қарттар аман болсын деген тілектеміз.
 Қатарың әр жыл сайын сирегенмен,
 Мәңгілік өшпейді екен жүректегі із.

Ардагерлер...
 Артында ізі өшпей қалған ерлер.