02
қараша
2023
Біздің жаңалықтар
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптың тәжірибелі мұғалімдері М.Ермаханова мен Б.Рустембекованың ұйымдастыруымен әріптестерді оқытудағы жаңа әдіс–тәсілдермен таныстыру және тәжірибесіне енгізу мақсатында «Жаңа білімге-заманауи көзқарас» атты шеберлік сабағы өткізілді. Барысында Кейіпкерге мінездеме, Компьютер, Жебе, Мозайка, Додекаэдр, Генератор, Теледидар, Plickers, Wordwall әдістері мен түрлі сергіту сәттері орындау арқылы көрсетілді. Соңында бағалаудың да жаңа әдістерімен кері байланыс алынып, қатысушылар тарапынан жылы лебіздер айтылды. Іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз.


