10
сәуір
2023
Тағылымы мол тарихи тұлға

Бүгін мектебімізде Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» /роман/ кітабының тұсаукесері болып өтті.
Іс-шарамыздың құрметті қонақтарының қатарында
1. Жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, «Комиссар Жүргенов» романының авторы Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы;2. Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті, профессор Ғарифолла Әнес;3. «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор» төрағасы, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Аңсатов Сәпен Әбдіқадірұлы;4. Айтыскер ақын, күйші, «Маздау» қоғамдық қорының директоры Қуаныш Мәжкенұлы Мақсұтов болды. 5. Түркістан, Қарағанды облысы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан келген халықаралық конференцияның қатысушылары болды. Жиналғандар «Мектеп театры» жобасы аясында оқушылардың «Өз заманынан озық туған қайраткер» театрландырылған қойылымын тамашалады.
Мектеп оқушылары квартетінің орындауында «Тектілік әнін» тыңдады.
/Сөзі: Тоба Өтепбай; Әні – Қанат Едресов/
Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесі Т.Жүргеновтің 125 жылдығы қарсаңында жарық көрген Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабының лентасын қию рәсімі орындалды.
Одан әрі мектебіміздің озық ойлы, алғыр оқушылары «Комиссар Жүргенов» романынан алған әсерлерімен бөлісті.
Қайраткер туралы қалам тартып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, таңдаулы туындыларды өмірге әкелген қадірлі қонақтарымызға оқушылар өз сауалдарын жолдады.
Соңынан Т.Жүргеновке арналған жырлар оқылып, қатысушылар автордың қолтаңбасын алды.






