ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ. » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ.
14
қыркүйек
2022

ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ.

 Бүгін Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде еліміздің дамуына бағыт-бағдар берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын насихаттау мақсатында жиын өтті.
Жиынды мектеп-лицей директоры Ж.Камитбекова ашып, Жолдауда айтылған басым бағыттар яғни, қоғамда көп талқыланып жүрген зейнет жасы, тәрбиешілердің жалақысы, ең төменгі жалақы, білім мен денсаулық саласына қатысты атап өтті. 
Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы жолдау халықтың көңілінен шықты деп айта аламын. Ендігі кезекте біздің ауызбіршілік маңызды. Жолдаудағы білім беру жүйесі, жастар мәселесі және ана мен бала мәселесінде біз секілді ұстаздар қауымына артылар жүк аз емес. Әділетті Қазақстан құруда баршаңызды бір болып, ел игілігі жолында жұмыс жасауға шақырамын – деді мектеп тарих пәнінің мұғалімі - Алтынбек Ләзи.