15
қаңтар
2024
Дарындыны анықтау және дамыту
Қысқы демалыс күндеріндегі жоспарға сәйкес "Дарындыны анықтау және дамыту" тақырыбында Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері Е.Шәймерденов пен М.Бауыржан шеберлік сағатын өткізді. Іс-шара барысында дарынды оқушыларды анықтау мен дамытудың әдіс – тәсілдері, қиындықтары мен кедергілерін айқындаудағы жұмыс тәжірибелерімен және білім бәйгесінде үздік шәкірттерімен топ жарған пән мұғалімдерінің құнды ой пікірлерімен ой бөлісті.


