17
қаңтар
2024
Түлектермен кездесу
2024 жылдың 12 қаңтары күні оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Сен де бір кірпіш дүниеге...» тақырыбында мектеп-лицейіміздің 2022-2023 жылғы түлектерімен кездесу өткізілді.
Шарада мектеп-лицей директоры Ж.Камитбекова мамандық таңдаудың маңызы, болашақ мамандығының адам өміріне тигізер әсері туралы айтып, түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.
Шараға қонаққа келген студенттер студенттік өмірдің қызығы мен қиындығымен бөлісе отырып, ҰБТ-ға дайындықта ескеру керек мәселелер, таңдау пәндеріне сәйкес мемлекеттік грант иегері атану жолдары туралы айтты. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өздерінен кейінгі мектеп бітірушілерге кеңестерін айтып, алдағы ҰБТ-ға сәттілік тіледі.


