31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ


31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Өз жерінен жазықсыз қудаланғандарды, сол жылдары аштыққа ұшырағандарды еске алу мақсатында Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінде 2023 жылдың 31 мамырында 8 'Б сыныбының оқушылары сынып жетекші Какметова Нұргүл Боранбайқызымен "31 мамыр қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу" тәрбие сағаты өткізілді . Тәрбиелік шара барысында жазықсыз жазаланған қазақ зиялыларының еңбектері мен ерліктеріне арналған материалдар оқушылар назарына ұсынылды.
Театрландырылған қойылымдар сол кезеңдегі көріністі суреттегендей көрермендерге жеткізе алды.

Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров Т.Жүргенов сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.
Бүгінгі ұрпақ қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбандарының есімдерін ұмытпасы хақ. Бұл күллі қазақ халқының басына түскен қаралы күн, айықпас дерт таңбасы. Біз жас ұрпақ жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялыларының рухына тағзым етуді мәңгілік борышымыз деп білеміз.

