⚜️СӘТ САПАР, САҒАН ЖАС ТҮЛЕК!⚜️ » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️СӘТ САПАР, САҒАН ЖАС ТҮЛЕК!⚜️
21
маусым
2023

⚜️СӘТ САПАР, САҒАН ЖАС ТҮЛЕК!⚜️

⚜️СӘТ САПАР, САҒАН ЖАС ТҮЛЕК!⚜️

   Бүгін түлектеріміз үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан өтіп, келесі биік сатыларына қадам басқалы тұр. Сондықтан бүгінгі күн мектеп қабырғасындағы әрбір оқушы, ұстаз және ата-ана үшін ерекше салтанатты күн. 
   Биылғы оқу жылында  мектебімізде 11 сыныпты 51 шәкіртіміз аяқтады. 
Олардың қатарында 2 «Алтын белгіге», 5 түлегіміз «Үздік аттестатқа» бітірді.
Әрбір адамның өмірдегі орнын табуға, болашағына бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Түлектердің жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үздіктер сапынан көрінуінде уақытпен санаспай табанды қызмет атқарып, сапалы білім берген ұстаздардың еңбегі ерекше екенін атап өткім келеді.
   Түлектердің жеңісі, белгілі бір белесті абыроймен бағындыруы – Сіздердің талай жылғы еңбектеріңіз бен ізденістеріңіздің жемісі!
Осы орайда, өнегесі мол ұстаздар қауымына ерекше алғысымызды білдіреміз!