15
тамыз
2023
"Мектепке жол" акциясы
Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейде 2023-2024 оқу жылында Республикалық «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы бойынша демеушілер есебініен 102 оқушы әлеуметтік көмек алды. Дәстүр бойынша біздің мектепте жоспарланған жыл сайынғы қайырымдылық марафонын өткізу, материалдық көмек көрсету, жалпыоқу қорынан демеушілер есебінен, көмектер көрсету. 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясының мақсаты:оқушыларға қайырымдылық жасау,материалдық және қаржылық көмек көрсету, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау жасау. Акция аясында мөлтек аудан аулалары араланып рейдтер жасалды.Әлеуметтік педагог Қ.Төлеген ақпараттық өтініш қаржылық ұйымдарға және жеке кісіпкерлерге өтініш хаттар таратты.Осы өтініш хаттар арқылы біршама оқушыларға қаржылай және материалдық көмектер берілді. «Мектепке жол» акциясы бойынша қалалық мәсилихат депутаты Абдуқалықов Мұса Жақыпұлы, «Еларай» қоғамдық қоры, «Бабас» ЖШС-гі, «Адам» дүкені, ЖК «Кадылкурмнова», «Халық банк» акционерлік қоғамы, «Нұрбақыт» дүкені, «Абай Дәулет» ЖШС-гі, «Сенім» емханасы, «Мүсірәлі Ата» мешіті, «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорыны, сонымен қатар өз әріптестерімізде қаржылай және оқу құралдарымен демеушілік жасады. «Мектепке жол» акциясы барысында демеушілер арқылы 102 оқушыға материалдық қолдау көрсетіліп, көмек берілді. Мұндай игі іс-шара жыл бойы жалғасын табатын болады.
