01
қыркүйек
2023
"МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ" тақырыбында алғашқы қоңырау жиыны


1 қыркүйек - білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн.
Бүгін мектеп-лицейімізде “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында оқушылар бойында білім алудың басымдығы мен маңыздылығын және оқуға деген жағымды көңіл-күй,оң көзқарас қалыптастыру.
Мектеп-лицей директоры Камитбекова Жанат Убайдуллақызы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндермен ұстаздарды білім күні мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан Қызылорда Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасының ювенальды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Күздикенов Сұлтан Серікболұлы ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді сөз барысында балалардың жолда жүру қауіпсіздігі,су қауіпсіздігі бойынша қысқаша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге құттықтау үшін мектебіміздің ардагер ұстазы Ділдаева Қанткүл Шымбайқызы және 1 сынып ата-аналарының атынан құттықтау сөз Әбжанова Роза Махмудқызына берілді.
Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырау соғу салтанаты мектебімізді биыл түлеп ұшатын түлектері 11 сынып оқушысы Оқу үздігі. Елбасы медальінің иегері.Қалалық,облыстық пәндік олимпиада жүлдегері Ермағамбет Нұрболат пен оқу үздігі, ағылшын тілі пәні бойынша қалалық олимпиада жүлдегері Серік Арайлым және мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Құрманбек Айлин мен Шералы Ескендірге берілді.
Жиын соңында барлық сыныптарда «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасуда.
1 қыркүйек- Білім күнімен және Жаңа оқу жылының басталуымен барлық балаларды, ата-аналарды, ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы оқу жылымыз толағай табыстарға, жетістікке толы жыл болсын!Ұрпағымыз тәрбиелі, білімді, саналы болсын!





