
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛ

Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп – лицейінде “СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ТҰЛҒА” тақырыбында сынып жетекшілері онкүндігі өтуде, онкүндік барысында
"Зиянды әдеттерден аулақ бол" тақырыбында 7 В,Г сыныптарының ұйымдастыруымен сала мамандарымен кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты: « Бірінші байлық – денсаулық » деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден , ішімдік , нашақорлық , шылым шегушіліктен сақтандыру , олардың денсаулыққа , болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру , өркениетті елімізге лайықты , зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.
– Салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу.Тазалыққа , лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.

Денсаулық - адам баласының ең құнды игіліктерінің бірі. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.

Зиянды әдеттер

арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар, қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оған қарсы тұру - біздің міндетіміз.

Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің.

Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда!


