20
наурыз
2024
?Қош келдің, әз Наурыз!?



Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.
Бүгін №136 мектеп-лицейінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтілді. Мектеп-лицей директоры Камитбекова Жанат Убайдуллақызы думанымызды ашып, жүрек жарды құттықтау лебізін білдірді.

Ұстаздармен, оқушылармен қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды:
1. Асық ойынынан жарыс;
2. Арқан тартыстан жарыс;
3. Қол күрестен жарыс;
4. Бестас ойыны;
5. Гир көтеру ойыны;


Мемлекетіміз тұғырлы,Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын.Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке,ырыс әкелсін.
https://www.facebook.com/saved/?list_id=403018605641892&referrer=SAVE_DASHBOARD_NAVIGATION_PANEL