"Өзін - өзі басқару" ұйымы Мектеп Президентін сайлау
ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН!
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында "Мектеп парламент" білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 10 наурыз күні мектеп парламентінің президент сайлауы 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Сайлауды мектеп басшысы Жанат Убайдуллақызы ашып, оқушыларға сәттілік тілей отырып, үміткерлерге өз дауысын берді.
Сайлау ережесіне сай Мектеп Президенттігіне 7 үміткер ұсынылып, олардың бағдарламалары алдын-ала мектеп оқушыларына таныстырылды.
Сайлау қорытындысы бойынша арнайы комиссия құрылды.
Сайлау қорытындысы бойынша сайлауда 348 оқушы дауыс берді.
Сайлауға қатысқан үміткерлер:
Құттыбала Бекмұхаммед Мейрамбекұлы 9 «Д» сынып оқушысы 11,7%
Серікбаев Даулет Айбекұлы 8«Е» сынып оқушысы 20,4%
Далдабай Аружан Ерханқызы 9«А» сынып оқушысы 14,6%
Ағатаева Кәусар Болатқызы 9«Б» сынып оқушысы 15,2%
Жорабек Дана Қанатбекқызы 8«А» сынып оқушысы 17,8%
Абзалбек Дінислам Қайратұлы 9«В» сынып оқушысы 8,3%
Сауранбай Алтынай Ғалымжанқызы 8«Г» сынып оқушысы 7,47%
Сайлау нәтижесінде үміткерлер арасынан басым дауыс жинаған 8 сынып оқушысы Серікбаев Даулет Айбекұлы МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ болып сайланды.
Жеңімпаз Серікбаев Даулет Айбекұлы өз бағдарламасында ұсынған жұмыстары мен алға қойған жоспарларын болашақта жүзеге асыратынына сеніміміз мол.
Оқушыларымызға сәттілік және толағай табыстар мен шығармашылық ізденістер тілейміз!!!






