Наурыз мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында "Аталар сөзі" Наурызға бата байқауы ұйымдастырылды » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында "Аталар сөзі" Наурызға бата байқауы ұйымдастырылды
17
наурыз
2023

Наурыз мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында "Аталар сөзі" Наурызға бата байқауы ұйымдастырылды

 Наурыз мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында "Аталар сөзі" Наурызға бата байқауы болып өтті.
   Қазақ халқының кез келген мейрамы ақ тілек пен батасыз өтпейді.
Наурыз мейрамында Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады.
   Мақсаты: - ата-бабаларымыздан қалған бай мұрамызды жаңғырту :
– жас ұрпақты иманды, мейірімді, зерделі, арлы болып өсуге баулу.
"Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер" деп аталарымыз айтпақшы, бата беру - адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. 
     Батаның да түрлері бар. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, балуандарға, тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға беріледі.