"Көзайым" қыздар клубы » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көзайым" қыздар клубы
06
наурыз
2023

"Көзайым" қыздар клубы


" КӨЗАЙЫМ" қыздар клубы

Мақсаты: - тарихи дара тұлға арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы заманауи қазақ қызының бейнесін қалыптастыру;

- ұрпаққа берілер ұлттық тәрбие көзі ретінде даярлау;

- сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету;

- қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру;

- салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;

- үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру. - Стиль және оның түрлері; 

- Қолөнер;

- Саxна мәдениеті;

- Визаж негіздері;

- Сымбат, мүсін икемділігі(дефиле);

- Әртістік шеберлік;

- Фотопозирование

- Әлеуметтік желімен жұмыс

Халық даналығында “Қыз өссе - елдің көркі”, «Қызға қырық үйден тыйым», “Қыз - өріс, ұл - қоныс” атты мақал-мәтелдер бар. Бұл қанатты сөздерден қазақ халқында қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, оны құрметтеуге тәрбиелейді. 

Биылдан бастап өз жұмысын бастаған «КӨЗАЙЫМ» қыздар клубы қыз балаларды нәзіктікке, имандылыққа, өнерге баулуды мақсат еткен. Клуб мүшелерінің кезекті шарасы «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» тақырыбында қыздарымыз бас қосты.Клуб мүшелері басқосудағы бүгінгі мақсаты аспаз өнеріне деген қызығушылықтарын айқындады. 

Бас қосу барысында қыздарымыз аспаз өнеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып қамыр жаю әдісіне көңіл бөлді. Қыздарымыз қамырды кестеге әдемілеп жұқалап жая білді. Бас қосу соңында қыздарымыз әсем ән мен қорытындылады.