16
наурыз
2023
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІМІЗДЕ ҚАЗАҚ КҮЙЛЕРІ ОРЫНДАЛДЫ
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІМІЗДЕ ҚАЗАҚ КҮЙЛЕРІ ОРЫНДАЛДЫ
Ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған «Ұлттық челлендж» ұйымдастырылуда. 16 наурыз күні мектеп-лицейімізде «Наурыз мейрамы» ұлттық челленджі өткізілді. Челленджге Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейде қалыс қалмады. Мектеп-лицейімізде домбыра үйірмесі ұдайы жұмыс жасап келеді. Бүгінде оқушыларымыз қазағымыздың төл өнерін дәріптеуге атсалысып жүр.
«Ұлттық челленджде» оқушыларымыз ۫«Балбырауын», «Келіншек», күйлерін тарту етті.
