20
ақпан
2023
«Ата-аналардың тәрбиесі-және жағымсыз әдеттері»тақырыбында өткізілген ата - аналар жиналысы
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы.Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады.Ақпан айының 17.02.2023ж күні Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі Оқу-ағарту министрлігінің 2023жылғ 1ақпандағы №15-6/570 хатына сәйкес «Ата-аналардың тәрбиесі-және жағымсыз әдеттері»тақырыбында Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы болып өтті.Күн тәртібіндегі мәселелелер:1.«2022-2023 оқу жылындағы оқу тәрбие жоспары бойынша атқарылыған жұмыстар есебі» және «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық,зорлық-зомбылық, жыныстық қолсұғұлмаушылық»,«жол-көлік оқиғаларының алдын алу профилактикасы» бойынша мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаев Ерхан, 2.«Буллинг қалыпты жағдай емес: балаңызға өзін қорғауды және көмек сұрауды үйретіңіз» мектеп психолгы Самал Арай, 3.«Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру» облыстық жастар денсаулығы орталығының валеолог маманы Алтаева Арай, 4. № 1 емхан гинеколгы «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында Ли Ольга Николаевна хабарлама жасады.Жиналысқа келген ата-аналар мектеп әкімшілігі тарапына өз көкейтесті сұрақтарын қойып тұщымды жауаптар алды.Ата-аналар жиналысы барысында:«Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеуін ата-аналарға жеткізу,мектептің ішкі тәртіп ережесін,құқық бұзушылыққа бейім оқушылардың профилактикасы жөнінде түсіндірме жасау,әлеуметтік желілердегі балалардың іс-әрекетін ата-ана бақылауы,жас өспірімдерге көрсетілетін зорлық –зомбылық және отбасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қолсұғұлмаушылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға құқықтық түсіндірме жасалып ақпараттандырылды.Шара аясында ата-аналар тарапынан негізігі сұрақта оқушы психологиясына байланысты қойылып, жауапты мамандар кеңесі арқылы түсіндірілді.


