Ал, қанекей, қыздар!

Талай ақын жырға қосқан әу бастан,
Ару - ай, күн, жұлдыздайын нұр шашқан.
Сұлулықтың арнасаң да барлығын
Ару деген таусылмайтын ән - дастан.

Деп ақын-жазуыларымыз жырлағандай, қыз-ару, қыз-аяулы ана, қыз-ақжаулықты әже, қыз-қарындас, қыз- қамқор әпке, қыз-өмірдің нәрі. Айта берсек, қыз балаға теңеуге келгенде сөз жете қоймас. «Қыз » ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді- тілін, дінін, әдет- ғұрпын, салт- санасын, дәстүрін немересіне, немересінен, шөбересіне жеткізкші, дамытушы, әрине, әйел- ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын береке – бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да әйел- ана.
Қыз демекші, мектебімізде

«Ал, қанекей, қыздар!» тақырыбында 6 сынып аралығындағы қыздар арасында сайыс өтті. Әр сынып бойынша қыздардан топ құрылды. Яғни топтық сайыс болды.

Сайыс бағдарламасы:
І. «Сәлем – сөздің атасы» - әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.
ІІ. “Өнерлі өрге жүзер” (өз өнерін көрсету).
ІІІ. Картопты үзбей ашу (әр топтан бір қыздан біртіндеп шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
ІV. «Кім жылдам?» сұрақ жауап айдары
V. Сайыс қорытындысы.

Сұлулықтары мен ақылдары жарасқан қыздарымыз өздерінің бойындағы бар өнерлерін көрсете білді. Алайда сайыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Сайысты қорытындылай келе, І орынды 6 «Е» сыныбы «Наурыз» тобы алса, ІІ орынды 6 «А» сыныбы «Ақылдылар тобы» және 6 «Д» сыныбы «Қызғалдақтар» тобы иеленді.
Жеңіске жеткен қыздарымызды құттықтай отырып, болашақтары жарқын болсын дейміз!





