"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында №136 мектеп-лицейінде 5-7 сынып оқушылары арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тақырыпта қыздар жиналысы болып өтті.
Жиналыс барысында қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.
Жазғы каникулда суға шомылуға үлкендердің қарауынсыз баруға болмайтынын, қараңғы көшеде жалғыз қайтпауына және қосымша білім беру ұйымдарына баратын оқушыларға жеке көліктерге жалғыз отырғанда ата – анасына хабарласып, машинаның нөмірін айтып таксиге отырғанын хабарлап отыру керек екенін атап айтты.
«Көзайым» Қыздар ұйымының төрайымы Н.Әжмұратова «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында баяндама жасау арқылы қыз балалардың бойына рухани адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мен жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз әрекеттер жасамау керектігі жөнінде ескертті.
Мектеп психологі А.Самал әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде өте абай болу керек екенін, жағымсыз, жат қылықтарын түсіріп салуға болмайтынын, әлеуметтік желіде өзін-өзі қалай ұстау керек ережелерімен таныстырып және де қыз әдебі жайлы психологиялық кеңестер берді.