
МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУ АЙДАРЫ


Қазіргі таңда барлық білім ошақтарында мектеп оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылып келеді. Талапқа сай балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасы мен құнарлылығына аса мән берілуі тиіс және мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс- аяқтың тазалығы, санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық-түліктің сапалы болуы үнемі назардан тыс қалмауы қажет.

Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей асханасының талапқа сай жұмыс істеуін қарау мақсатында 1 сыныптың ата-аналары тамақтың сапасын бақылау мақсатында мектеп асханасына келді. Асхана да 1 сынып бүлдіршіндері зиянды тағамдар мен адам организміне пайдалы дәрумендер туралы ой пікірлерін, тамақтану ережелерін айттып барлық оқушыларға таныстырды. Асханадағы барлық талаптардың орындалуы бойынша ата - аналар зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып асханадан ыстық тамақтың дәмінен татты.
Негізгі бақылауға алынған шаралар:

Асхананың санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сай болуы;

Тамақ өнімдерінің сапасы;

Күнделікті ас мәзірдің сәйкестігі;

Рұқсат етілмеген тауарлардың сатылымда болмауы;

Ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай күйі;

Жеткізілген азық-түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі.
Зерделеу барысында жоғарыдағы көрсетілген талаптар өз уақытында дұрыс орындалып жатқанына көз жеткізіп, мектеп асханасына алғыс білдірді.
