23
сәуір
2024
"ЖОСПАРЛАУ. ІЗДЕНУ. ТАЛДАУ республикалық идеялар шеберханасы
Астана қаласында "Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы "РММ, "Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы" МКҚК ұйымдастыруымен "Жоспарлау, Іздену, Талдау" тақырыбындағы республикалық идеялар шеберханасына мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Байсалбаева Гүлнарай Жұмашқызы және Әбилгазиева Қазтай Жумагазиевналар "Мектеп мұражайының оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі орны" "Тарих сабақтарында дереккөздермен жұмыс жасау ерекшеліктері" тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісіп, сертификат иеленді. Шеберхана жұмысы аясында тарих ғылымының өзекті мәселелері, бүгінгі қоғамдағы құндылықтар және оның ұрпақ тәрбиесіне ықпалы, музейдің білім кеңістігіндегі маңызы, бәсекеге қабілетті ұрпақты, жаңа сападағы ұлтты қалыптастыру бағытында мазмұнды сұрақтар қарастырылып, әріптестеріміз тәжірибе шеберханасынан жақсы әсермен оралды.






