1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ
01
қыркүйек
2022

1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ

 1️⃣ - қыркүйек айрықша мәні бар,әрбір адамзат үшін айтулы Білім күні. Бұл күні барлық мектептердің есіктері айқара ашылып,ұстаз бен оқушының сағыныса қауышқанына куә боламыз. Мектепке алғаш қадам басқан жас бүлдіршіндер мен қанат қаққалы тұрған жас түлектердің жүрек дүрсілдері мен сезімдері ерекше болары анық.
     Сондай айтулы күні Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде " Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынның өткізілу мақсаты жас ұрпаққа отаншылдық,патриоттық сезімді,білімге деген құштарлық пен еңбекқорлықты дәріптеу. Мектеп-лицей директоры Жанат Убайдуллақызымен салтанатты жиын қонағы Жағыпар Айтбайұлы мектеп оқушыларына сәттілік тілеп,өз жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ алғашқы қоңырау үнін 11 сынып оқушылары мен мектепке алғаш қадам басқан 1 сынып оқушылары күмбірлете соқты және де мектеп оқушыларының өз өнерлерін көрсетуімен жалғасын тапты.
2021-2022 оқу жылдары 3️⃣8️⃣ оқушы түлеп ұшып оның 2️⃣4️⃣ оқушысы грант иегері атанды. 2022-2023 оқу жылында мектебімізге  1️⃣️⃣6️⃣ оқушы 1️⃣ сыныпқа қабылданды.