Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды
30
қыркүйек
2022

Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды

Бүгін, 30.09.2022ж күні Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды. Бұл шара аясында Мектеп парламенті (Өзін-өзі басқару ұйымы) жоғарғы сынып оқушылары, оқу процесін өз қолдарына алып, дәріс жүргізді.
   Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
    Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін- өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланыста. Бұл бағытта аянбай еңбектеніп, үнемі жаңашылдыққа ұмтыламыз деп уәде береміз!