09
қараша
2023
Ғылыми жоба жұмысын дайындаудағы жетістікке жету жолдары
Мектебімізде «Темірше» кәсіби қоғамдастығының жоспарына орай ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ғылыми жоба жұмысын дайындаудағы жетістікке жету жолдары» тақырыбында ой-бөлісу өткізілді. Іс-шараға мектеп мұғалімдері белсене қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында қызықты ойындар ойнатылып, топтық сайыстар ұйымдастырылды. Ғылыми жоба жұмысын жазу барысында қажетті кеңестер, талаптары мен негізгі қағидаттары айтылды.
Білікті ұстаздар жас мамандарға кеңестерін айтып, жетістікке жету жолындағы атқарылған іс-әрекеттерімен бөлісті.
Ой-бөлісу осылайша пайдалы әрі қызықты өткізілді


