
МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады 19 мамыр күні Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында төмендегідей мәселелер қаралды:

«2022-2023 оқу жылындағы оқу тәрбие жоспары бойынша атқарылыған жұмыстар есебі» және «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық,зорлық-зомбылық, жыныстық қолсұғұлмаушылық»,«жол-көлік оқиғаларының алдын алу профилактикасы» бойынша мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаев Ерхан

Жаз маусымындағы оқушылардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша Қызылорда қалалық полиция инспекторы полиция капитаны Ишниязова Инаббат Төребекқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Ата-ана беделінің бала тәрбиесі мен психологиясына әсері» тақырыбында мектеп психологі А.Самал хабарлама жасады.

Балалар қауіпсіздігі /су, өрт, жол/ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері Асанова Эльмира Отызбайқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жиналыс барысында ата-аналарға жаз мезгіліндегі суға шомылу, өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бойынша бірқатар ережелерге қатысты кеңес берді. Шомылуға рұқсат етілетін аймақтардың аз екендігін ескере отырып, балалардың суға шомылуын қатаң назарда ұстау қажеттігіне байланысты арнайы бейнероликтер көрсетілді.

«Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында Ли Ольга Николаевна хабарлама жасады.



