
4 мамыр күні Т. Жүргенов атындағы 136 мектеп-лицейінде Ұлы Жеңіс мерекесіне орай 8"А" сынып оқушылары "Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды" атты тәрбиелік шара ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларды елін, Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Бабалардың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту.

Оқушылар шара барысында ерлік жайлы ән шырқап, "Катюша" биін биледі. Сұрапыл соғыс кезіндегі жауынгерлердің ерлік істері жайлы көріністер қатысқан ата-аналар, ұстаздар, оқушылардың көңілінен шығып, сол кезеңдерге сапар шеккендей әсер қалдырды.

Қорытындылай отырып жас ұрпақтың бейбіт заманда елін сақтау , адал , батыл болу алдыңғы ұрпақтың бізге қалдырған аманаты деп білеміз. Батыр аталар ерлігі ешқашанда ұмытылмайды .




