БІЛІМ КҮНІ » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2024

БІЛІМ КҮНІ

?МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ?
?1 қыркүйек - білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі еселене түскен нағыз қуанышты күн. 
?Бүгін мектеп-лицейімізде “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиыны өткізілді. 
?Мектеп-лицей директоры Камитбекова Жанат Убайдуллақызы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндермен ұстаздарды білім күні мерекесімен құттықтады. 
 Салтанатты шара барысында Қызылорда Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасының ювенальды полиция тобының инспекторы Сейфуллаев Сәке Сейфоллаұлы, Қызылорда облысы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілі – Нурекешова Қарлығаш Сенбаевна, 1 сынып ата-аналарының атынан құттықтау сөз мектебіміздің ата – аналар комитетінің мүшесі  Маханова Күнсұлу Базарбайқызы мерекелік ізгі лебіздерін білдіріп, ақжарма ақ тілектерін айтты. 
?1 қыркүйек- Білім күнімен және Жаңа оқу жылының басталуымен барлық балаларды, ата-аналарды, ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы оқу жылымыз толағай табыстарға, жетістікке толы жыл болсын!Ұрпағымыз тәрбиелі, білімді, саналы болсын!