2024 жылдың 12 қыркүйек күні Отбасы күніне орай Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 7 «А» сыныбында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, адалдық ұғымын кеңінен насихаттау.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасы туралы өз ойларын ортаға салып, отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтты.