Оқу тәрбиелік жұмыс » Страница 3 » №136 мектеп-лицей
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 22-28-78
Есепші бөлімі:
+7(7242) 22-28-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Спорт біздің серігіміз" атты эстафеталық сайыс
28
қараша
2023
"Спорт біздің серігіміз" атты эстафеталық сайыс
Бүгін мектебімізде 6-сыныптар арасында "Спорт біздің серігіміз" атты эстафеталық сайыс өткізілді.   Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
“Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау”
27
қараша
2023
“Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау”
“Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау”   2023 жылдың 27 қараша күні Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 5 «Д» сыныбында сынып жетекшілері апталығы аясында «Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.  Мақсаты:  - «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту; - Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту. Сабақ барысында “Жүрек” әдісі арқылы оқушылар бірі-біріне ізге тілектерін білдірді. Мамандықтарға қатысты шығармашылық қойылым
"Төле би туылғанына 360 жыл" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
25
қараша
2023
"Төле би туылғанына 360 жыл" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
Мектеп- лицейіміздің 7 а сыныбының сынып жетекшісі Баймаханова Нұргүлдің ұйымдастырумен "Төле би туылғанына 360 жыл" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері жайлы түсінік алуда оқушылар өздерінің шығармашылық бейімделу шыңдарының өте биік екендігін көрсетті.   Оқушылар Төле бидің аңыз-әңгімелерін және халық қамын ойлаған қайраткер ретінде жоғарғы деңгейде суреттей алды.
ҚЫЗ - ӨМІРДІҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ
24
қараша
2023
ҚЫЗ - ӨМІРДІҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ
ҚЫЗ - ӨМІРДІҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ  "Сынып жетекші - БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ТҰЛҒА"  тақырыбында сынып жектекшілер онкүндігі аясында қыз балалардың аналарымен "Қыз-өмірдің қызғалдағы" атты іс-шара өтті. Онкүндік барысында 6 Б, Г, Д сынып жетекшілері қыздардың аналарымен тілдесу, қыз бала тәрбиесінде аналардың тәжірибе алмасуы әрі сайыс түрінде өткізді.  Іс-шара барысында ата-аналар өздерін таныстырып өз өнерлерін, шаш өру үлгілерін көрсетті және түрлі жағдаяттан қалайша тиімді шығу жолдары көрсетіп,
"ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛ" тақырыбында сала мамандарымен кездесу
23
қараша
2023
"ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛ" тақырыбында сала мамандарымен кездесу
 ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛ Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп – лицейінде  “СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ТҰЛҒА” тақырыбында сынып жетекшілері онкүндігі өтуде,  онкүндік барысында  "Зиянды әдеттерден аулақ бол" тақырыбында 7 В,Г сыныптарының ұйымдастыруымен сала мамандарымен кездесу кеші өткізілді.     Мақсаты:  « Бірінші байлық – денсаулық » деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден , ішімдік , нашақорлық , шылым шегушіліктен сақтандыру ,
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕ
22
қараша
2023
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕ
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕ 2023 жылдың 22 қараша күні Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 6 «А» сыныбында сынып жетекшілері апталығы аясында «Ұлт болашағы – ұлттық тәрбиеде» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбие сағаты мың бұралған бишілердің дайындаған қазақша биімен ашылды. «Сандар
«Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаты
21
қараша
2023
«Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаты
 5 «Г» сыныбында сынып жетекшілер апталығы аясында «Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Тәрбиеленушілерді жолда жүру ережесімен және бағдаршам туралы  таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен атқаратын қызметін түсіндіру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиеленушілерді көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп Word Woll платформасында
⚜КӨЗАЙЫМ ҚЫЗДАР КЛУБЫ⚜
21
қараша
2023
⚜КӨЗАЙЫМ ҚЫЗДАР КЛУБЫ⚜
КӨЗАЙЫМ ҚЫЗДАР КЛУБЫ Мектебіміздегі қыздар клубының жұмысы Клуб кеңесінің басшылығымен іске асып келеді.  Клубымыздың басты мақсаты: қыздарды қоғамдық ортаға бейімдеп, білім-ғылымды үйрету арқылы заманға сай қыз келбетін қалыптастыру.  21 қараша күні мектебімізде "КӨЗАЙЫМ" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 8 сынып қыздар арасында "Қазақ қыздары қандай болу керек?"  тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.  Видео роликтер көрсетіліп,талдап,қыздар арасында түрлі пікірлер айтылды.  Қыз әлемі – сырға
“Сынып жетекші сенімді тұлға” тақырыбында семинар-тренинг
20
қараша
2023
“Сынып жетекші сенімді тұлға” тақырыбында семинар-тренинг
Мектебімізде сынып жетекшілерге арналған “Сынып жетекші сенімді тұлға” тақырыбында семинар-тренинг  болып өтті.  Семинар тренинг ерекше форматты ұйымдастырылды. ДТІЖО Ф.Әбзиева мен Е.Рахымбаев “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру бойынша ұтымды әдіс-тәсілдермен бөлісіп, күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттармен  “Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелері” тақырыбында қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетелді.  Мектеп психологтары А.Самал мен
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,есіріткіге тәуелділіктің, вейптің, уытқұмарлықтың, зорлық-зомбылықтың, жыныстық қолсұғұлмаушылықтың, суицидтің, бопсалау және жол көлік оқиғаларының алдын алу»
01
қараша
2023
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,есіріткіге
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,есіріткіге тәуелділіктің, вейптің, уытқұмарлықтың, зорлық-зомбылықтың, жыныстық қолсұғұлмаушылықтың, суицидтің, бопсалау және жол көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында  мектеп оқушыларының қатысуымен жиын болып өтті. Кездесуге Қызылорда қаласы прокуратурасы бөлім прокуроры, заңгер А.Байділда және ҚПБ ЮПБ-нің инспекторы А.Досмағамбетов қатысып жоғарыда аталған тақырып бойынша балаларға құқықтық түсіндірме жұмысын жасап ақпараттандырды.Оқушылар