Мектебіміздегі қыздар клубының жұмысы Клуб кеңесінің басшылығымен іске асып келеді.
Клубымыздың басты мақсаты: қыздарды қоғамдық ортаға бейімдеп, білім-ғылымды үйрету арқылы заманға сай қыз келбетін қалыптастыру.
21 қараша күні мектебімізде "КӨЗАЙЫМ" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 8 сынып қыздар арасында "Қазақ қыздары қандай болу керек?" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Видео роликтер көрсетіліп,талдап,қыздар арасында түрлі пікірлер айтылды.
Қыз әлемі – сырға толы әлем. Ойыңмен бөлісіп, болашаққа жарқын жоспар құрып сырласу үшін виртуалды әлемдегі құрбыдан, жаныңда жүрген құрбы артығырақ.