Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейде "СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ТҰЛҒА" тақырыбында сынып жетекшілер онкүндігі аясында 7 "Ж" сыныбында "Дәмді де пайдалы тағамдар" атты сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дұрыс тамақтана білуге тербиелеу,жан-жақты дамуына ықпал жасау.

Оқушылар дәмді әрі пайдалы тағамадар мен құнарсыз әрі зиянды тағамдарды айырып, сыныпта әр бала сүйікті тағамдарын ортаға салып олардың құнарын, денсаулыққа пайдасын, орынды қолданып, қандай дерттің алдын алатынын, қай тағамда қандай дәрумен барлығын жүйелеп айтып, таныстырды. Сонымен қатар M&M’s түрлі-түсті кәмпиттетерінен эксперементальды тәжірибе сынағын көрсетті. Құрамы мен адам ағзазына тигізер пайда, зиянын саралап дәлелдеп айқын көрсете білді. "Біздің өнім" әдісі арқылы сүт, ет, ұн өнімдерінің адам тамақтану өмірінде алар орны мен қолданылуына керекті көп мәліметтер жинақтап түсіндіріп өтті. Ой-өрісін дамыту мақсатындында ас, тағам, дұрыс тамақтану тақырыбы аясында сөзжұмбақтар шешіліп, мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Сыныпта бірнеше оқушының үйінен әкелінген жеміс, көкөніс, сүттен жасалынған ірімшік, құрт, тосап, компоттар ұсынылып, олардың құрамы мен пайдасын айтып ортаға ойын салды. Сыныпта Ермекқызы Бибіару тәтті жемістерден кесілген "Жеміс және йогурт" десертті өнімін жасап, қазыларға дәм татқызды. Өзінің бойжетіп, қыздың қолынан да дәм тамар деген өнерін көрсете білді. Әр оқушы өзіне берілген тапсырма мен түсіндірме жұмыстарын жақсы жеткізіп, жұртшылық ортаға жалпы астың адам өмірінде алатын маңыздылығын соның ішінде зиянды тағамдарды аз пайдалануға ұсыныстар білдірді.

